Қоғам

Офицерлер жиыны



 

Қазақстан ішкі әскерлерінің 48 офицері әскери дағдылары мен машықтарын көрсетіп, тәжірибе алмасу үстінде. Оқу-әдістемелік жиын бағдарламасы бойынша олардың алдарында жауды ұстап, оны жою міндеті тұр.

Әбілқас Мұстафин, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитеті оқу-әдістемелік жиынының жетекшісі:
– Аталмыш оқу-әдістемелік жиындары әскери дайындық жоспары бойынша өткізіліп отыр. Ереже бойынша, ол екі жылда бір рет ұйымдастырылып тұрады. Бұл жиында офицерлердің физикалық дайындықтары мен әскери өмірге қаншалықты шыңдалғандарын бақылаймыз.

Біреулері белгілі межені қару арқылы нысанаға алса, басқа  сарбаздарға бронетанкалық техниканы басқару арқылы тиісті тапсырманы орындау керек. Бұл сында әскери техниканы басқару 6637 әскери бөлімінің сарбазы Ержан Оразқұловқа жүктелді.

Ержан Оразқұлов, 6637 әскери бөлімінің 1 рота сарбазы:
– Нысананы бронетехникамен жою қолдағы автоматпен жойғанға қарағанда оңайға соғады. Көздегіш пен үлкен пулеметтің арқасында нысанды оңай жоя аламыз.

Оқу-жаттығудың негізгі бөлігін қоян-қолтық ұрыстар құрады. Мұнда әскерилерге ұрыстың басты амал-тәсілдері көрсетілді. Әскерилер мұндай оқу-әдістемелік жиындардың тәжірибе алмасуда берері мол дейді.

 Әділ Бейсенбаев, 6655 әскери бөлімінің полк сержанты, Ақтөбе облысы:
-Жиыннан алған өзімізге керек нәрселердің бәрін әскери бөлімге барып, өзіміздің қарамағымыздағы сержанттар, бөлімше командирлеріне жеткіземіз. Негізгі мақсатымыз – сарбаздар мен сержанттарға үйрету. Сондықтан осы әдістемелік жиынның бізге берері көп.

Жас офцерлер мен сержанттардың біліктілігін арттырып, бойларында отансүйгіштік қасиетті ұялатуда мұндай жиындар көбірек өткізілсе дейді оған қатысушылар.

Әспет Әбдірешова