Есілдіктер Президент бастамаларына қолдау білдірді

Ауыл шаруашылығы

4:12 25 Шілде 2012



«Столыпинское» серіктестігі – Есіл ауданындағы ең ірі шаруашылықтардың бірі. Қожалық асыл тұқымды мал   өсіріп, сатумен айналысады. Бүгінгі күні серіктестіктен мал  сатып алуға ниет танытып, өз кәсібін кеңейтемін дегендер аз емес. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген ауылдықтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, мал басын көбейтуді оң жолға қойған серіктестіктің бірі – «Бай еңбек».  Бұдан соң қонақтар төлдердің жайымен танысты. Оларға берілетін жем-азық қоры мол. Бүгінгі күні қысқы маусымға шөп дайындау жұмысы қызу жүріп жатыр. Меймандар қожалықтың мал жайылымында да болды. Қазіргі таңда далада 700 – дей қазақтың ақ бас сиыры жүр. Олардың 250 – і сауын малы. Серіктестікте 200-ден астам жұмысшы еңбек етіп жатыр.

 Николай Ионов, «Столыпинское» ЖШС директоры:

-Мал шаруашылығымен бесінші жыл айналысып келеміз. Жыл сайын асыл тұқымды мал басын көбейтудеміз. Сонымен қатар, түйеқұс пен қоян өсіруді мықтап қолға алдық. Бастысы, жұмысшыларымыз үшін барлық жағдай қарастырылған. Жақын арада Астана қаласы мен басқа аймақтардан жұмыс істеуге тоғыз отбасы көшіп келді. Бір қуантарлығы , олардың барлығы жастар. Ал, жастар – еліміздің болашағы.

Өз ісін ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау баршылық. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы арқасында несие алып, техникалық қызмет көрсету орталығы мен дүкен ашып, ауылдықтарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандардың бірі – Мінайдар Сәдуәқасов.

Мінайдар Сәдуақасов, жеке кәсіпкер:

-«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 3 млн теңге көлемінде несие алдық. Кәсібімізді кеңейтіп, жаңа 8 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта автокөлік жуу орталығын салуды көздеп отырмыз.

Бұл күні селоның бір көшесіне қызмет жолында қаза тапқан ауыл азаматы Анатолий Добрыниннің есімі берілді. Осыған орай ұйымдастырылған шараға қонақтар да қатысты. Орталық алаңда ақшаңқан киіз үй көтеріліп, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі әзірленді. Жиылған қауым алдында аудан әкімі Ерік Нұрақаев сөз сөйледі.
Мерекелік шарада «Столыпинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге келген жас мамандар отбасына жаңа баспананың кілті табыс етілді. Сонымен қатар, 113 мың теңге көлеміндегі көтермеақының сертификаты берілді.

Кристина Науменка, жас маман:

-Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті ветеринар мамандығы бойынша тәмамдадым. Диплом алысымен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге шешім қабылдадым. Оған еш өкінбеймін. Шаруашылықта  еңбек етемін деген азаматтарға барлық жағдай қарастырылған. Енді  бар білімімді осы серіктестікке арнамақпын.  

Мерекеде жақсы әндер шырқалып, ауылдықтар бір марқайып қалды.Бұдан соң меймандар № 9 кәсіптік лицейге ат басын бұрды. Білім ордасы ауыл шаруашылығына қажетті мамандар даярлайды. Мұнда бірнеше бағыт бойынша 300-ге тарта шәкірт білім алады. Петровка орта мектебі де қонақтардың назарынан тыс қалмады. Олар қайта қалпына келтірілген стадионда болып, елді мекенде салауатты өмір салтымен шұғылдану үшін жағдай жасалғандығына көз жеткізді. Сонымен қатар, оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында мектеп жанында арнайы бұрыштар орнатылған. Білім ошағы 213 оқушыға шақталған. Шағын орталық та бүлдіршіндер үшін жұмыс істеуде.  Осында өткен семинар – кеңесте Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы тағы бір талқыға салынды. Сондай – ақ санитарлық тазалық үшайлығының нәтижесі шығарылып, Ясновка селолық округі  абаттандыру жұмыстары бойынша бірінші орынға ие болды.
 

Материалды “Қазақстан-Петропавл” ОТРК  тілшілері әзірледі