Энергетика

Жылу құбырлары жаңартылып жатыр


Брусиловский көшесіндегі жылу құбырлары  учаскесінде күн сайын  кем дегенде 7-8 техника жұмысқа жұмылдырылады. Бұрынғы 300 миллиметрлік ескі құбырлар 400  миллиметрлік  жаңасына алмастырылуда.  Энергетиктер  бұл ретте батыс елдерінің тәжірибесін қолдануда.  

Игорь Осняг, “Петропавл жылу жүйелері ЖШС директорының орынбасары:
Біз жылумен қамтуды көбейтеміз деп ойлаймын. Өткен жылы жылу құбырлары жаңартылған учаскелерде шағымдар түскен жоқ, сонымен қатар біз апаттық жағдайды болдырмауға қол жеткіздік.

Жылу құбырларын алмастыруға инвестициялық бағдарлама аясында 78 млн теңге бөлінген. Бұл сомада материалдардың құны есептелмеген.  Жалпы  жүйелерді жөндеуге және қалпына келтіруге энергетиктер 235 млн теңге жұмсамақшы.  

 

Игорь Осняг, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС директорының орынбасары:
-Біз бұл жерде 400 метр құбырды ауыстырамыз. Соның нәтижесінде кем дегенде 30 жыл бойы бұл арада ешқандай қиындық  туындамайтын болады. 

“Петропавл жылу жүйелері” ЖШС  мамандарының айтуларынша, жыл сайын  облыс орталығында 10 км жылу құбырлары жаңартылады. Жылумен қамту мәселесін тез шешу үшін бөлінген қаржы  жеткіліксіз. Ал жалпы ұзындығы 230 шақырым жылу жүйесінің 70 пайызы ескірген.