Спорт

Аула клубтары арасындағы футбол жарысы

 

 

 

Жасыл алаңда доп теуіп жүрген балалар ойынға әбден берілген. Аула клубтары арасындағы кезекті шағын футбол жарысына барлығы 31 команда қатысты. Турнир бойы өздерін жақсы көрсеткен командалардың бірі – «Қайсар». Шілденің 6-12-сі аралығында Щучинск қаласында өткен жарыста да олар жеңіске жеткен.

 Аслан Шайкенов, «Қайсар» командасының капитаны:
– Біз Щучинскіге бірінші рет барып отырмыз. Онда өте қиын болды. Бір рет жеңдік, біреуін тепе-тең ойнадық. Мен екі командаға ойнадым. Алдағы уақытта да жеңістерге жетеміз деп ойлаймын.

Ал 13 жасар Нұрлан Рахимовтың сүйікті спорты – футболға ден қойғанына бес жыл болыпты. Жетістіктері де жаман емес.

 Нұрлан Рахимов,  ойыншы, Белое ауылынан:
– Осы аула клубтарына қатысатын балалардың бәрі жақсы ойнайды. Бәрі де жеңіске жеткісі келеді. Біз де шамамыз келгенше ойнаймыз.
Кейде жеңіске де жетіп жатамыз. Келесі турнирде біз енді бір сатыға көтеріліп, екінші орынға ие болғымыз келеді.

«Жаз – 2012» деп аталатын бұл акция шілденің 1-і басталған. Содан бері бір айға жуық уақыт бойы шағын футболдан кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Тамыздың 12-сі күні аяқ допшылар Новоишимде өтетін жарысқа аттанбақшы.

Әспет Әбдірешова