Билік

“Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы


 

Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында әлеуметтік салалардың дамуына ерекше мән берген болатын. Еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу, жұмыспен қамту саласын дамыту. «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының депутаттары осы мәселелерді талқылады.

Болат Жұмабеков, Петропавл қаласының әкімі:
Бағдарламаны түсіндіру және насихаттау жұмысына «Нұр Отан» ХДП белсенді кірісуде. Елбасының бұл мақаласы елдің әлеуметтік дамуына жаңа серпін береді. Әрқайсымыз бұл тапсырмаларды орындауға тиіспіз.

Сондай-ақ нұротандықтар жастар арасында техникалық мамандықтардың беделін арттыру бағытындағы жұмыстарды қолға алмақ. Бұл үшін мектептермен және оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнату көзделіп отыр.

Жасұлан Ахметов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы депутаттар фракциясының жетекшісі:
Техникалық мамандықтардың жалақысы қадағалауға алынбақ. Бұл үшін жұмыс берушілермен де бірқатар келісімдер жасалуы тиіс. Өйткені өкінішке қарай жұмысшылардың айлығы әлі де төмен.

Сондай-ақ жиында көпқабатты үйлерді жөндеу мәселесі мен партиялық бақылау комиссияларының жұмысы жайлы сөз болды.

Инеш Шоқақова