Мәдениет

Қасиетті Рамазан айы басталды


 

Алла үйіне таңертеңнен ағылған адамдардың қатары қалың. Бұл отыз күнге жалғасатын ұлы оразаның келгенін аңғартып тұр. Жан басына амандық тілеген мұсылман бауырлар пітір садақасын салу үшін асығуда. Солардың бірі – Майра Тасболатова. Оразаның алғашқы күні қасиетті жұмаға тұспа-сұс келуі де өте жақсы ырымға баланады. Қайырымы мол Алланың ықыласына бөлену үшін бес парыздың бірі – оразаны әрбір мұсылман ұстауы керек. Таңғы 3 кезінде сәресін ішіп, ораза тұтқан жандар кешкі 21:54-те ауыздарын ашады. Өңірімізге бүгін кешкісін Түркиядан Құранды жатқа оқитын Хафиз келеді деп күтілуде. Тарауық намазының оқылуына қатысатын мейман рамазан айының соңына дейін болмақ. Рамазан айында Алладан рақым сұрап, отбасындағы адамдардың амандығын тілеген жұрт барша адамдарды қайырымдылық пен ізгілікке шақырады.
 
Әспет Әбдірешова