Спорт

«Шексіз спорт»


 

Мұндай іс-шаралар лагерьде жылда ұйымдастырылады. Алайда бұл жолы бүлдіршіндердің қуанышы ерекше. Себебі оларға спортпен айналысып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген қатарластары шеберлік сыныбын көрсетті.
Өскелең ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттайтын сын жиылғандардың көңілінен шықты. Ал каратешілердің әрбір қимылын байқап отырған балалар, сол сәтте-ақ шығыс жекпе-жегімен айналысқан спортшылардың іс-әрекетін қайталауға тырысты.

 –Мен өзім гір көтеруді ұнатамын. Және бүгін спортшылар іс-қимылдарын әдемі көрсетті. Маған лагерьде ұнайды.
Маған каратешілердің қойған көріністері ұнады. Барлығының синхронды қимылдары таң қалдырды.  

Қазіргі таңда лагерьде 208 бала дем алуда. Сауықтыру орындарында күн сайын түрлі ойындар өткізіліп, балаларға салауатты өмірді ұстану жайлы көрнекілік материалдар ұсынылады дейді лагерь қызметкерлері. Ал мына спорттық сайыс «Шексіз спорт» жобасының аясында өткізіліп отыр.

 Сәкен Қалиев, «Ақ қайың» лагерінің дене шынықтырудан жаттықтырушысы:

– Балаларды жастайынан спортпен шұғылдануға бейімдеу керек. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болу үшін осы игі шараны ұйымдастырырып отырмыз.

Сонымен қатар балғындарға «Көңілді старт» ойындары да ұйымдастырылды.

Әсел Күшенғалиева