Бизнес және экономика

Жарты жылда экономикалық өсім бар


 

Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп саласының дамуы бойынша төртінші орында тұрақтады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 2,3 пайызға ғана төмен. Облыстық статистика департаменті мамандарының есептеуі бойынша аталған салада құны 53,6 млрд теңгенің тауары шығарылған.

Гүлзиян Ізбасова, облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары:

– Өнеркәсіптің негізгі бөлігін өңдеуші сала құрап отыр. Оның көлемі 71 пайыздан асқан. Осы жылы 38 млрд-тан астам теңгеге өнім өңделіп, өсім былтырғымен салыстырғанда 106,6 пайызға жетті.

Облыста жыл басынан бері 21,8 млрд теңгенің азық-түлігі дайындалыпты. Ауыл  шаруашылығы бағытында да бірқатар жетістіктер бар. Биыл аталған салада 30 млрд-тан астам теңгеге өнім шығарылып, былтырғыға қарағанда тауар көлемі 82,9 пайызға артып отыр.

 Гүлзиян Ізбасова, облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары:

– Ауыл шаруашылығы саласының 100 пайызға жуығын мал шаруашылығы құрайды. Ірі қара саны – 17 жарым пайызға, қой саны 77 пайызға, ал құстар 2,4 пайызға көбейді. Әрине, сәйкесінше өнімділігі де жоғарылады.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына 26 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары. Жалпы біздің өңір инвестиция тарту бойынша республикада бірінші орында.

Данаш Хамзина