Әр түрлі

Қызыл кітапқа енген құндыз көшеге шығып кетіпті

 

 

 

Қазіргі таңда облысымызда 200-ге тарта осындай кеміргіш мекен етуде. 19 ғасырдың соңында Қазақстанда құндыздар есепсіз ауланып, соның салдарынан олардың жойылып кету қаупі төнген болатын. Сондықтан сирек жануар Қызыл кітапқа енгізіліпті. Дегенмен, су құндызын жасанды таратудың арқасында, бүгінде олардың саны еселеп артты. Бұған қарамастан, кеміргішті аулауға тыйым салынған. Ал мына құндызды инспекция қызметкерлері Есіл өзеніне жіберді.

 Олег Беспалов, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:

– Дәмханаға жақын маңда су қоймалары бар шығар. Оны ғимарттың маңына иттер қуып әкелген болуы керек. Жануарды байқаған аспаздар оны сарайға қамап, бізге хабарласты. Жануар жарақаттанбаған, әлі жас, тіпті терісі де түлеп үлгермеген, өздеріңіз көргендей, әп-сәтте секіріп кетті.

Әсел Күшенғалиева