Мәдениет

“Движениенің” жеңісі

 

 

 

“Движение” хореографиялық ансамблін үлкен жеңісімен құттықтау үшін бишілердің туған- туысқандары “Адлер-Красноярск” бағытындағы 128-поезды күтіп тұр. Баршасы қос бірдей екінші орын мен кубокты облысқа алып келген дарындарды құттықтауға асық. “Движение” хореографиялық ансамблі 33 жылдан бері өз өнерімен   тәнтті етіп келеді. Міне, бүгін олар халықаралық байқаудан оралды. “Морская волна” сауықтыру лагерінде өткен додада біздің кішкентай бишілер 5 – 9 және 10-12 жастағылар  арасында өнер көрсеткен. Олар сайысқа   “Солнышка” және “Весеннее настроение” билерін дайындап апарған.

Татьяна Сахарчук, “Движение” хореографиялық ансамблінің жетекшісі:
– Байқауға 53 адам бардық.
Балалардың ата-аналары қаржылай көмек көрсетті. Біздің биіміз бас  жүлдені де жеңіп алар еді. Бірақ екі екінші орын алғанымызға да қуаныштымыз.

Бүлдіршіндер байқауда көрсеткен билерін өздерінің туған-туысқандарына да билеп берді.Анастасия Швецованың ансамбльде  өнер көрсетіп жүргеніне 7 жыл болыпты. Талайдан шеберліктері шыңдалғанымен, біраз қобалжығандарын айтады.

Анастасия Швецова, байқау жеңімпазы:
Бәріміз өнер көрсетіп болған соң қорытындысын күттік. Қобалжу басым болды. Себебі қатысушылардың саны көп болды. Бірақ біздің ансамблдің атын атап, екінші орынды алдыңдар дегенде қуанышымыз қойымызға симады. Мен мұндай жеңісім үшін жетекшіме рахмет айтамын.

Полина Девятых бұндай байқауға тұңғыш рет қатысып отыр. Бастамасы жаман емес. Бұл жеңіс мені одан әрі жігерлендіре түсті дейді биші қыз.

Полина Девятих, байқау жеңімпазы:
Біз Ресейдегі 10 күнді жақсы өткіздік. Суға шомылып, демалыс кезіміз есте қаларлықтай етіп өткіздік. Біздің бұл билеген биіміз «Достық» деп аталады. Үндістан елінікі.  

“Бәріміз бірге” деп аталған байқау сайыс жыл сайын өткізіліп тұрады.

Гүлбану Ахметова