Денсаулық сақтау

Медициналық қызмет көрсету сапасы

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы бақылау департаменті азаматтарға қауіпсіз әрі сапалы медициналық қызметтің көрсетілуін қадағалау мақсатында жарты жыл ішінде 51 тексеріс жүргізген. Сондай-ақ дәріханалық ұйымдардың қызметі де назардан тыс қалмапты.

 Айгүл Рәшева, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:
– Тексерістердің нәтижесінде 10 хаттама толтырылып, 663 380 теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды.
Медициналық қызметтің сапасын тексерумен 27 сарапшы айналысады. Биыл департаментте медициналық көмек көрсетуге құқық беретін 590 сертификат берілді.  

“Жеке басының денсаулығын алдымен адамның өзі ойлауы керек. Тұрғындардың “емдік” сауаттылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру қажет”. Елбасы өзінің “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласында осындай тапсырма айқындаған болатын. Бұл – өзекті мәселелердің бірі дейді мамандар.

  Айгүл Рәшева,  Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:
Медицинада жоғары биологиялық белсенді дәрі-дәрмек кеңінен қолданылады. Олардың кері әсерлері де болуы мүмкін. Бұл үшін Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дәрілердің қауіпсіздігін қадағалау бағдарламасы енгізілген.  

Сондай-ақ биыл дәрі-дәрмектің қолданысына байланысты Үкіметтің бірқатар қаулылары шыққан болатын. Олар негізінен дәрі-дәрмектің маманның арнайы қағазы арқылы өткізілуіне, медициналық препараттарды бөлшектеп және көтерме бағамен сатуға байланысты. Сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған науқастар енді дәрі-дәрмектерді тегін алатын болады.

Инеш Шоқақова