Спорт

Маунтинбайктен спартакиада аяқталды



 

Күннің шыжыған ыстығына қарамастан  балалар тиісті межені бағындыру үшін барын салуда. Маунтинбайк жарысына спортшылар еліміздің оңтүстігі, шығысы мен Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан келіпті. Барлығы 3 күнге созылған бұл додаға 6 командадан 36 велошабандоз қатысты.

 Владимир Парахин, велоспорттан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры:
– Маунтинбайк бойынша оқушылар арасындағы республикалық спартакиада өз мәресіне жетті. Бүгін әрине күн аптап ыстық. Дегенмен оқушылар жақсы дайындықпен келген. Шеберлік сыныптары да жақсы. Спортшылардың 4-уі уақыт жағынан спорт шеберінің нәтижесін көрсетті.

Маунтинбайк – велоспорттың аса күрделі түрі. Велошабандоздар бұл додада 15 шеңберден тұратын 20 шақырымды жүріп өтті.Таулы-тасты жолдарды бағындыруды қажет ететін бұл спортпен 5 жылдан бері әуестеніп жүрген талдықорғандық Ғалым Ахметов мәреге бірінші болып жетті.

 Ғалым Ахметов, жарысқа қатысушы, Талдықорған қаласы:
– Осы чемпионат   4 жылда бір болып отырады. Өте қиын болды жарыстар. Негізінен командамыз мықты біздің. Бірінші күні қиындау болы, алтыншы келдім. Бірақ екінші күні өзіме-өзім келдім. Енді алдағы күнге үміттенеміз, Астанаға түсіп дегендей.

Жарыстың қорытындысына сәйкес  Ғалымға спорт шебері атағы берілетін болды. Жалпы жарыс нәтижесі бойынша бірінші орын Алматы облысына бұйырды, жерлестеріміз екінші тұғырдан көрінді. Ал Жамбыл облысының спортшылары  3-ші орында.

Әспет Әбдірешова