Қоғам

Білікті мамандар даярлау үшін дуалды жүйе қажет


 

Ел экономикасы қарыштап дамуы үшін білікті кадрлар қажет. “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы” бағдарламасының басты кілттерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесін жаңартуда жатыр. Ол үшін Елбасы дуалды білім жүйесін енгізу қажет екенін айтты. Облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық колледждің 82 жылдық тарихы бар. Сондықтан оқытушылар білікті кадрды қалай дайындау керектігін жақсы біледі.

Александр Мерк, экономикалық-техникалық білім беру кешенінің президенті:

– Дуалды білім беру жүйесіне біртіндеп көшкен жөн. Бізде мысалға, материалдық базасы мықты техникалық қызмет көрсету орталығы бар. Жаңа бір өндірістік цех ашпақпыз. Студенттер осы нысандарда еркін жаттыға алады.

Гуманитарлық-техникалық колледж жылына шамамен 300 студентті оқытып шығарады. Олардың дені техникалық мамандық иелері.

Мария Алексеева, ГТК қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

-Cтуденттер автомобиль ісі, балық шаруашылығы, электротехникалық және құрылыс кәсібіне оқуға түсуде. Біз оқытатын мамандықтарға қызығушылық жоғары. Өйткені, мұндай мамандықтарды меңгерген түлектер бірден қызметке орналаса алады.

Колледжде сапалы білім беріліп қана қоймай, Елбасы айтқандай білімнің қолжетімділігіне де көңіл бөлінеді. “Еңбекпен қамту 2020” бағдарламасы бойынша биыл 80-ге жуық солтүстікқазақстандық тегін кәсіп меңгере алды.

Данаш Хамзина