Энергетика

Қазанның бірінен бастап жылу энергиясын жеткізу тарифтері өзгеруі мүмкін

Облыс орталығында жылу энергиясының тарифтері соңғы рет 5 жыл бұрын өзгертіліпті. Қазіргі таңда жылу энергиясын бөлу және тарату тарифі 1 Гкал-не 993,08 теңгені құрайды. «Петропавл жылу желілері» ЖШС бұл соманы 1622,64 теңгеге жеткізу туралы өтініш жасаған. Мұндай шараға барудың бірқатар себептері бар дейді кәсіпорын директоры.

Андрей Калиничев, «Петропавл жылу желілері» ЖШС директоры:
-Негізінен мұндай қадамға баруымызға жылу желілерінің жөндеу жұмыстары, энергияның шығыны мен қызметкерлердің жалақысының аздығы себеп болып отыр. Тарифтерді өзгерту арқылы осы мәселелерді шешуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырмақпыз.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС тұрмыстық сектордағы 67 мың тұтынушы мен 2,1 мың өнеркәсіптік, бюджеттік, коммерциялық абоненттерге қызмет көрсетеді. Кәсіпорын қарамағындағы желілірдің жалпы ұзындығы – 235,765 шақырым. Олардың 60 пайыздан астамының әбден тозығы жеткен.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департаментінің директоры:
-1 млрд 121 млн теңге қаражатты жөндеу жұмыстары мен инвестициялық бағдарламаға бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл қажетті шара.

Мәселе бойынша нақты шешім тамыздың 24-і күні қабылданбақ.

Инеш Шоқақова