Денсаулық сақтау

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша мамандар қайта даярлаудан өтуде

 

 

 «Саламатты Қазақстан» жобасының басым бір бағыты – мамандарды қайта даярлау болып табылады. Эльмира Қарабатырова – Астана қаласындағы медициналық академияның түлегі. Бағдарлама бойынша қайта даярлау курсынан өтуге қуана келістім дейді жас маман. Қазіргі таңда ол – кардиология саласында қызмет етіп жүр.

Эльмира Қарабатырова, № 3 қалалық емхананың кардиолог дәрігері:

– 2011 жылы акдемияны тәмамдаған соң, Петропавл қаласының 3-емханасына терпавт болып орналастым. Кейін «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының медицина қызметкерлерін қайта даярлау тармағы бойынша кардиолог мамандығын меңгердім.

Жүрек, қантамыр жүйесінің ауруларын емдейтін маман атану үшін Эльмира жартыжылдық оқу курсын меңгерген. Бүгінде әсіресе осы бағыттағы дәрігерлердің көмегіне жүгінушілердің саны басым. Алайда  қазіргі таңда тек сауықтыру-емдеу шаралары ғана емес, дертті асқындырмай ертерек анықтау, скринигтік тексеріс алға шыққан. Тың жоба аясында облыста наурыз айынан пневмококка қарсы екпе жасау шарасы қолға алынды. Қазіргі таңда 3-ші емханаға  қарайтын 364 солтүстікқазақстандық вакцина қабылдаған.

 Әбубәкір Омарәлиев, № 3 қалалық емхананың  инфекционист дәрігері:

-Пневмококка қарсы егулер жаңа туған балаларға 2 айдан бастап 4 айға дейін және 12-15 айларында егіледі.  

Облыс орталығындағы қалалық  3-ші емхана  денсаулық сақтау мекемелерінің ішіндегі ең жаңасы. Емдеу орнына жеткізілген медициналық жабдық кешені де соны үлгіде. Мұнда жүрек-қан тамыр ауруларының бөлімшесі, әйелдерді тексеретін бөлмелер заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған.

 Әлия Тәшетова, № 3 қалалық емхананың бас дәрігері:

– Барлық жоспар 6 бағытқа бөлінген. Соның бір бағыты – халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Ол науқастарға рецепт арқылы беріледі. Оны біздің аурухананың бірінші қабатынан алуға болады.

«Саламатты Қазақстан» жобасының енді бір бағыты – әлеуметтік бағдарлама үлгілерін құру болып табылады. Осыған байланысты учаскелік емханада әлеуметтік мамандар мен психолог қызмет етуде.

Әсел Күшенғалиева