Мәдениет

Фархат Әбдірайымов Петропавлда

Арнайы шақырыылған қазақ киноиндустриясының шоқтығы биік жұлдызын облыс көрермендері риясыз көңілмен қарсы алды. Халық арасында «Фара» деген есіммен танымал Фархат жиылғандардың көкейінде жүрген сұрақтарына толық жауап берді. Жиын барысында саясат, дін, студенттік өмір  жайлы сұрақтар қойылды. Ал кино тарланына қойылған басты сұрақ, өнер жолына қалай келгені жайлы болды.

Фархат Әбдірайымов, киноактер:

 

 – Олар мені фотоға түсіріп алып кетті, содан төрт ай өткен соң ғана телефон шалды, мен ол туралы ұмытып та кеткенмін. Киностудияға кел деп шақырды. “Тот, кто нежнее” фильміне бекіттік деді.

«Тот, кто нежнее», «Қызыл қоян туралы ертегі», «Фара». Бұл фильмдердің барлығында актер басты рөлдерде ойнап шыққан. Фархад Әбдірайымов кино саласына 1994 жылы келген. Осы уақыт аралығында оның қоржыны 25 кинолентамен толығыпты. Дегенмен, оны барша елге танымал еткен киносы, әрине, «Фара» фильмі болып табылады. СҚО-на кино тарланының бұл алғаш келуі. Десе де, ол студенттік шағынан аймақ тарихы жайлы көп оқыған. Бір айта кетерлігі, инженер-технолог мамандығының иегері дипломдық жұмысын Қызылжар өңірімен байланыстырыпты.

Фархад Әбдірайымов, киноактер:

Петропавл қаласына келгеніме 2-ақ сағат болса да, көптеген әсем жерлерін көріп үлгердім. Өзім технология институтында оқып жүргенімде, «Петропавл қаласында 150 орындық мейрамхана ашу» деген тақырыпта диплом жұмысын жазған едім. Сол кезде Петропавл қаласының аты “Қызылжар” екенін білдім. Міне, сол кезден бергі арманым орындалып, осынша уақыт өткеннен кейін СҚО келіп отырмын.

Кездесу соңында Фархад өнерін құрмет тұтқан жастарға қолтаңбасын таратып, естелікке фотоға түсті.

-Ол өз өмірі туралы, қызықты жағдайларын айтып, барлық сұрақтарға жауап берді.
– Осындай жұлдызбен кездесу жақсы әсер қалдырды. Күзде басқа жұлдыздардың келуін күтеміз.

Өнер жұлдызы қыркүйек айында Петропавлда “Қазақ киносы күндерін” өткізбекші.

Әсел Күшенғалиева