Қоғам

Елбасы бастамаларын «Қызыл ай» қоғамы өкілдері қолдайды

Халықтың елеулі бөлігі 90-шы жылдары «мәжбүрлі жұмыссыздық мектебінен өтті». Мұның бәрі егемендігін алған жас мемлекеттің аяғынан нық тұрғанша өткерген уақытша қиындықтары. Жыл өткен сайын экономика дамып, жаңа кәсіпорындар құрылып, жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешіле бастады. Бастысы, адамдардың еңбекке ынтасында. Жақында жарық көрген Президент мақаласы да осыған бағытталған.

Сәуле Оразова, «Қызыл ай қоғамы» СҚО филиалының төрайымы:
-Бүгінде елімізде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Халықтың өмір сүру деңгейі да жақсарып келеді. Қазіргі уақытта жұмыс істегісі келетін адам өзінің білімі мен күшіне сенеді.

Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылып, қиындықтарға тап болған жандарға көмек көрсету – Қызыл Ай қоғамының арқалаған жүгі. 80 жылдық тарихы бар қоғамның облыстық филиалы 2007 жылдан бері 247 солтүстікқазақстандық отбасыға материалдық көмек көрсетіп келеді. Қоғамның облыстық филиалының төрайымы Сәуле Оразова да Елбасының мақаласы жұмысымызға серпін берді дейді.

-Біз қайта құру жылдарын да бастан кешірдік. Әрине, жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру оңай жұмыс емес. Дегенмен, бәріміз соған ұмтылуымыз керек.

Еңбек қоғамын қалыптастыруға атсалысуда әрбір қазақстандықтың қосар үлесі зор.

Әспет Әбдірешова