Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” ХДП филиалында Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жайы сөз болды

 

 

«Нұр Отан» ХДП  Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесі және депутаттардың партиялық фракциясының бірлескен  отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттер талқыланды.

 

 Солтүстік Қазақстан облысы Елбасының бағдарламалық құжатын жүзеге асыруды алғашқылардың бірі болып қолға алды. Қазір ең бастысы  –  баса көңіл аударуды талап ететін салаларды анықтау. Жаңғыртудың басым бағыты – әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру. Бұл ретте еңбекпен қамту бағытына баса назар аудару керек.

Серік Біләлов,”Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, СҚО әкімі:
– Өткен жылы  бағдарламаны жүзеге асыруға  2 млрд теңге бөлінген. Биыл одан
1,5  есе артық. Алайда жұмыс іздегендердің 85%  ғана еңбекпен қамтылған, бұл екі мың адам шамасында. Облыста бір мың адам оқытылды, ал жұмысқа  739-ы ғана орналасты.

Мұнымен қатар индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Бүгінгі күні облыстың индустрияландыру картасына жалпы құны 42,3 млрд. теңге 30 инновациялық жоба енген. Бұл 4 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар  білім берудің қолжетімділігі де өзекті мәселе болып қалуда. Биыл бұл саланы дамытуға бюджеттің  58% , немесе  36 млрд. теңге бөлінген. Сапалы білім кәсібиліктің кепілі екендігі туралы  “Зенченко и К” КС бас директоры  Геннадий Зенченко де атап көрсетті. Оның айтуынша, білікті кадрлардың жетіспеушілігі селоны дамытуға қолбайлау болып отыр.Ал жас ұрпақ үшін бүгін барлық жағдай жасалып жатыр.

Геннадий Зенченко, Қазақстанның Еңбек Ері, “Зенченко и К” КС бас директоры::
Балаларды лагерьлерге жібереміз, жас мамандарға баспана тұрғызамыз. Шаруашылықта тұрғын үйлердің 70% орталық жылыту жүйесіне қосылған, су енгізілген. Жастарға хоккей кортын, спорт алаңын, би залын салып жатырмыз. Жастар дәмханасы, бильярд залы бар.

Тұрғындардың еңбекпен қамтылуына барлық аудандар көмектесуде. «Еңбекпен қамту -2020» бағдарламасы туралы  Ғ.Мүсірепов атындағы  аудан әкімі есеп берді.

Марат Тасмағанбетов, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімі:
– «Еңбекпен қамту-2020»  бағдарламасы бойынша 20 тұрғын үй пайдалануға берілді.  91 адам көшірілді, еңбек жасындағылардың барлығы жұмыспен қамтылды. Биыл
82,2 млн. теңгеге он екі үй салынуда.

Денсаулық сақтау саласы да белсенді дамуда. Облыста үш емхана тұрғызылып жатыр. Онкологиялық диспансер жаңғыртылуда. Бүгінде туберкулезден өлім саны екі есе азайды,ал қан айналу жүйесінің дерттерінен 1,5 есе кеміді. Саяси кеңесте тұрғын үймен қамту мәселесі де сөз болды. 2020 жылға дейін 468 үй жөнделмекші. Отырысқа «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті  Сенатының депутаты Анатолий Башмаков қатысты.  

 Анатолий Башмаков, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты :
– Экономика  дегеніміз алдымен адамдар. Адамдардың өз ішкі мәдениеті болуы, жоғары кәсібилігі болуы керек. Сондықтан бұл мақала ғылыми, саяси сипатта деп есептеймін. Президент бұл мақаласымен біздің барлығымызды оятты.

Отырыс соңында солтүстікқазақстандықтарға  бұл бағдарламалық құжатты түсіндіру қажеттігі туралы қаулы қабылданды.