Бизнес және экономика

Бизнесті қолдау жалғасуда

 

 

 

Елбасы кезекті жолдауында республика нарығында шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға жеткізу керектігін айтты. Әлемдік нарыққа енуде Елбасы алдымен кешенді түрде халықаралық талаптарға жауап беретін кәсіпорындардың қатарын арттыруға басымдық беріп отыр. Бәсеке болған жерде санымен қатар сапаның да артатынын алғыр да іскер жандар жақсы түсінеді. Астаналық меймандардың өңірімізге сапарының негізгі мақсаты да осы – жеке ісін дөңгелетемін деген солтүстікқазақстандық әріптестеріне мемлекеттің жанжақты демеуін барынша пайдалану жөнінде өз тәжірибелерінен сапалы кеңес беру.

Әскер Башеев, “BM Consalting” ЖШС бас директоры, Астана қаласы:
Инновациялық проблемаларды шешетін бағдарламаларды түсіндіру, ұсыну. Жол салу, электр қуатын өткізу, әр түрлі бизнестерді қамту, оларды көтеру мәселелеріне үкімет көп көңіл аударады. Оған біраз қаржы құйып жатыр. Қазір барша Қазақстанда осы жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Жеңіс Ермұқанов