ТКШ

Баспаналар қысқа дайындалып жатыр

 

 

Шухов көшесі 1 және 3 мекенжайының тұрғындары үй-жайларын осы бастан қысқы маусымға дайындап алыпты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының артықшылықтарын олар өткен жылдан бері сезініп келеді. Мәселен, былтыр екі үйдің де шатыры ауыстырылған. Биыл үй ауласындағы жолдар жаңартылып, асфальт төселіпті.

Ида Леонтьева, «Шуховик» ПИК төрағасы:
–  Бағдарлама бойынша біз 30 млн теңге несие алдық. Бір үйге 13,5 миллион жұмсалса, екіншісіне 16,5 миллион ақша жетті. Негізінен тұрғындардың жасалған жұмыстарға көңілі толады. Әрине біреулері бұл қаражатты жүз пайыз өтесе, кейбіреулері мүлде ештеңе төлеген жоқ. Мың теңге төлегендер де бар.

Мына үйдің қолданысқа берілгеніне 40 жылға жуық уақыт болыпты. Онда барлығы 190 пәтер бар. Ал тұрғындардың дені орта жастан асқан адамдар. Солардың бірі – Людмила Нелюбина үй ауласының жыл өткен сайын адам танымастай болып жақсарып келе жатқанын айтады.

Людмила Нелюбина, үй тұрғыны:
–  Меніңше, бұл бағдарлама дер кезінде қолға алынды. Қазір үйде бәрі жақсы. Маған жалпы 7 жылға 70 мыңнан артық ақша төлеу керек болды. Әлеуметтік жеңілдіктердің арқасында 1300 тегедей ғана төледім. Әсіресе зейнеткерлер үшін көп жеңілдіктер қарастырылған.

Сонымен қатар баспананың подъездері мен жертөлелердегі электр өткізетін сымдары жаңасына ауыстырылып, домофондар қойылған.

Әспет Әбдірешова