Ардагерлер Елбасы бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосуға әзір

Қоғам

15:27 17 Шілде 2012



Тәуелсіздік жылдары Қазақстан аяғына нық тұрып, барлық саласын жоғары қарқынмен дамытып келе жатқан елге айналды. Жылдан-жылға халқымыздың тұрмысы жақсарып жатқанын байқауға болады. Бұл оң өзгерістерге Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары да мол септігін тигізуде. Жуырда жарық көрген Президенттің мақаласы да осыған бағытталған. Құжатта әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін қалыптастыруға үлкен мән берілген. Мұнда қазақстандықтардың жаңа мамандық меңгеріп, зауытқа, өндіріске бару керектігі әлдеқайда пайдалы екені көрсетілген.

Григорий Кухарь, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
 Қазіргі жастар тас қалаушы, сылақшы, токарь, темір ұсталары мамандықтарын игергісі келмейді. Өйткені бұл қиын жұмыс болып есептеледі. Барлығының кеңседе жұмыс істегісі келеді. Жастар еңбекпен талай биіктерді бағындыратынымызды түсініп, ел үшін тер төксе нұр үстіне нұр болар еді.

Аға буын өкілдері де Елбасының ойын жүзеге асыруға үлес қосамыз деп отыр.

Григорий Кухарь, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Ардагерлер қауымы жаппай бұл құжатты қолдап отыр. Еңбектің маңызын өскелең ұрпаққа түсіндіру үшін аянбай еңбек етуге дайынбыз. Жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет.

Жаңа бағдарламаны газет беттерінде ғана жариялап қоймай, сонымен бірге арнайы үнпарақтар шығару керек деген пікірді ардагерлер.

 Айдана Демесінова

Бұдан әрі оқыңыз

ҰОС-ның ардагері 100 жасқа толды
Жыл басынан өлкеге 156 отбасы қоныс аударған
Масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр
“Адалдық сағаты” онлайн дәрісі
ХҚКО-да қызметтердің 660-қа жуығы онлайн режимде көрсетіледі
Жазасын өтеушілер туғандарымен видеобайланысқа шығуда
Вера Яворская: баланы тарихқа баулып өсіру керек
Карантин кезінде көрсетілген қаржылай көмек көлемі
Тұрғындарға биыл “Еңбек” бағдарламасы бойынша 520 млн теңге берілген
Жеке сектор тұрғындары қоқыс шығару қызметі үшін төлем жасауға міндеттелуде
Біз біргеміз: СҚО Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек жөнелтті
Бүгін – қасиетті Қадір түні