Қоғам

Шілденің 20-сы Ораза басталады

 

 

Ислам дініндегі бес парыздың бірі – Ораза ұстау. Ал оның басталуына не бары үш күн қалды. Ораза ұстауға ниет қылған барша мұсылман әрқашан рамазан айын тағатсыздана күтеді. Соған орай мешіттерде уағыздар айтылып, ұлы мерекеге дайындық жұмыстары  басталған.

 Қасымхан қажы Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
– Құранда Аллаһ тағала айтады, Ей, Аллаға иман келтіргендер, тақуалықтан үміттеріңіз болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз болса, сендерге де ораза ұстау парыз болды деген. Ораза тек ішіп-жеуден тыйылу емес, бұл екі дүниеге пайдасыз сөздерден тыйылу, рамазан айында біреу балағаттап, дау-жанжал шығарса, «Мен оразамын» деп айтыңыз дейді.

Бүгінде иман жолын таңдап, дінге бет бұрған адамдар қатары жыл санап көбейіп келеді. Қасиетті рамазан айында он сегіз мың ғаламды жаратушы Алланың рақымына бөленіп, бұған дейін жасаған күнәләрі болса6 одан арылмақ ниетпен барша мұсылман қауым биыл 30 күн бойы ораза тұтпақ.

 Қасымхан қажы Абдуллаұлы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:
-Рамазан айы биыл толық 30 күн болып есептеледі. Биыл тарауық айына арнайы Түркия мемлекетінен қари келеді, хафиз келеді. Хафиз дегеніміз Құранды жатқа оқитын адам. Хатым құран түседі мешіттерге.Ораза кімге парыз дейтін болсақ, ең бірінші, мұсылманға парыз. Екінші, балиғатқа толған болуы керек. Және ақыл-есі толық болуы керек.


Биылғы жылы ораза  шілденің  20-cы күні басталып, тамыздың 18-не дейін жалғаспақ. Жан басына төленетін пітір садақасының көлемі – 150 теңге. Ермек Қалықовтың намазға жығылып жүргеніне 12 жыл болды. 76 жастағы қария Алланың разылығы үшін ораза ұстау  – әрбір мұсылманның міндеті дейді.

 Ермек Қалықов:
– Алла тағала барлық құлшылық өздерің үшін, ораза ұстау мен үшін дейді.
Ораза деген Алланың алдында құлшылық. 2000 жылдан бастап ораза ұстай бастадым. Оразаны асығf, қуанып күткен адамның Алла тағала өткендегі де, алдағы да күнәлірін кешеді дейді.

Рамазан айында қайырымды іс жасап, жетім-жесірлер мен тұрмысы төмен жандарға көмек көрсетіп, қол ұшын созу Алланың алдында сауап болмақ. Сондықтан да дін қызметкерлері солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерге азық-түлік пен басқа да өнімдерге жеңілдік жасалуын сұрайды.

Әспет Әбдірешова