Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасының бастамаларына спортшылар қолдау білдіруде

 

 

 

Президент бүгінде ел иігілігіне жарар еңбекқор жасты ерте бастан тәрбиелеудің маңызы зорын айтады. Бұның негізі салауатты өмір салтын ұстануда жатыр. 40 жылдық тарихы бар “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде күніне 340-қа тарта балғын жүзумен айналысады. Әуестіктері нәтижесіз емес. Ел намысын Олимпиадалық ойындарда қорғайтын Владислав Поляков осы су кешенінің түлегі.

 Теміртас Әлжанов,  “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
 – Кешкі алтыдан кейін халықты су спортына үйретеміз. Зейнеткерлер мен мүгедектерге жаттықтырушылар бөліп, ақы алмай, біздің бассейінге келеді. Оның ішінде Роман Эрман спорт шебері атанды. Алдында спартакиадада 10-15 қатысушы болатын. Қазір сайыскерлер бүкіл аудандардан келіп 100-н асады.  

Ұлттың саулығы жарқын болашақтың табыс кілті екенін өңіріміздің волейболшылары да жақсы түсінеді. Облыстық “Есіл” қол доп шеберлерін бастаған Александр Кувшинов қай саланы алып қарамасақ та кәсіби біліктілік қашанда жемісін беретінін айтады.

 Александр Кувшинов, “Есіл” ФК директоры:
-Президент спорттың барлық түрін дамытуды тапсырды. Салауатты өмір салты тәртіпке үндеп, шыдамдылыққа шыңдайды. Әр ер мінезді сайыскер жеңіс үшін талай қиындықтарды бағындырып өзінің еңбекқорлығын танытады. 7 жыл бойы жергілікті волейболшыларды түрлі сайыстарға баптап жүріп осыған көз жеткіздім. Тәрбиеленушілерім спортта
да, оқуында да, жұмысында да өте алғыр, жүктеген тапсырманы мүлтіксіз орындайды.  

Елбасы әлеуметтік жаңғырту бағдарламасында әр азаматтың қалыптасуы үшін үкімет қажетті жағдай жасайтынын айтады. Берілген мүмкіндікті кімнің қалай пайдаланып, қалауынша жетілдіруі өз қолында.

Жеңіс Ермұқанов