Билік

Селекторлық жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары қаралды

 

 

Жиында қаралған алғашқы мәселе -Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы бағытында Президент тапсырмаларын орындау шараларының жоспары болды. Бұл мәселе бойынша барлық  министрлер баяндап, жоспарларын ұсынды. Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүрмек. Ол біріншіден білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншіден оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
Келесі кезекте 2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасын дайындау бойынша жұмыстардың атқарылуы талқыланды. Бұл бойынша әділет министрі Берік Имашевтың баяндамасы тыңдалды. Ағымдағы жылы 34 заң жобасын құру көзделіп отыр. Сондай-ақ отырыста Үкімет  мүшелерінің ұсынған жобалары қызу талқыланды. Біздің өңір де бұл істен шет қалмады

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы негізінде барлық сала бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Бұл алдағы уақытта да қарастырылатын болады. Әр сала бойынша өз ұсыныстарымызды жасадық, бұл назарға алынады. Тың бағдарламаның жүзеге асуына барлығымыз атсалысуымыз қажет.

Айдана Демесінова