Құқық қорғау органдары

Полицейлер рейді барысында қаңғыбастар тексерілуде

 

 

Тәртіп сақшылары облыс орталығында рейдтік шараларды күнделікті өткізіп тұрады. Құжаттары мен тұрақты мекен-жайлары жоқ тұлғаларды фото және бейнетіркеуге алады. Саусақ белгілері мен қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады. Көбіне жаз уақытында мұндай тұлғалар саяжайларды мекендейтін көрінеді. Көше кезген қаңғыбас адамдар қоқысты ақтарып, нәпақаларын айырады. Солардың бірі  Татьяна – 30 жаста. Соңғы он екі жылын көше қаңғырумен өткізіп келеді. Көбісі базарларда жүк тасып, ақша табатын көрінеді. Бір күнге 1500 теңге. Бірақ баспана табуға асықпайды. Жалға пәтер алғанша, көше қаңғырып, тапқан ақшаны араққа жұмсағанды жөн көреді. Тұрақты мекен-жайлары жоқ тұлғалар көбіне жәбір көріп жатады. Өздері де қылмысқа барғыш келеді. Жыл басынан тәртіп сақшылары тұрақты мекен-жайы жоқ 4000-нан  астам тұлғаны анықтап, тіркеуге алған. Тексере келе полицейлер 107 қылмыстың бетін ашқан. Нәтижесінде іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды, із- түзсіз жоғалған 4 адам табылды. Күніне орташа есеппен алғанда тәртіп сақшылары тұрақты мекен-жайы жоқ 20-25 адамға тергеу жүргізеді.

 Гүлбану Ахметова