Құқық қорғау органдары

Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау

 

 

 

Прокурорлар тексеріс барысында мүгедек балалардың заңды құқықтарын сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыдық дейді. Бұған жауапты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген.

Әлия Құсайынова, Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:

– Бала жасынан мүгедек 16 жасар Асхат есімді бозбалаға 2011 жылдан бастап санаторлық-шипажайлық емделуге жолдама бар болып тұрып берілмеген. Бұл заңбұзушылық түзетілді. Асхат қазір шипажайда емделіп жатыр.

Ал аталған бөлім бастығы орынбасарына жауапсыздығы үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мамандар осындай және басқа жағдайларға қатысты барлығы 11 заңбұзушылықты тіркеген.

Әлия Құсайынова, Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:

-Сондай-ақ, көмекке мұқтаж жандар сурдо және тифлоқұралдар мен арбалардың жеткізілуін екі жыл бойы күтеді. Былтырдан бастап 12 бала әлі арба алмаған.

Осы орайда прокурорлар аталған мәселені реттейтін заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс білдіріпті. Қадағалаушы орган өкілдері тексеріс барысында қаладағы бірқатар мекемелерге мүгедектердің арбамен көтеріліп кіруіне арналған пандустардың жоқтығын анықтаған. Бұл сау адамның, қоғамның қорғауы мен қолдауын қажет ететін кемтар жандар үшін қиын-ақ.

Данаш Хамзина