Балалар

Елбасы бастамалары қолдауға ие


 

Елімізде 9 жылдан бері “Бірыңғай ұлттық тестілеу” жұмыс істейді. Оны өткізу қоғамда түрліше бағалануда. Жыл сайын түлектер мен ұстаздар, сынақты бақылаушылар тарапынан заң бұзушылықтар орын алып жатады. Өз мақаласында бұл кемшіліктерді сынға алған Елбасы Білім беру туралы Заңға өзгерістер енгізу керектігін баса айтты. Петропавл қалалық № 9 мектеп бұл ретте үлгі тұтарлық оқу ордасы саналады.

 Сәуле Қабиева, №9 орта мектеп директоры:
– Биыл біздің мектеп өңіріміздің – 20,  еліміздің 100 үздік білім ошақтарының қатарына енді.
ҰБТ қорытындысы бойынша жалпыға бірдей білім беру мекемелерінің көш басында келеміз. Соңғы сынақта түлектеріміз орта есеппен 86 ұпай жинады. Ұстаздарымыздың 64 пайызы жоғары санатты білікті маман. Елбасының мақаласында білім саласын жетілдіру керек деген ойын толықтай қолдаймын. Өйткені қай адам болмасын міндетті түрде мектептің білімін алып шығады.  

Президент бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін  ерте кезеңнен бастау керектігіне де тоқталып өтті.

 Сәуле Қабиева, №9 орта мектеп директоры:
– Мектебімізде сапалы білім берумен қатар саналы тәрбиеге де үлкен мән беріледі. Оқушыларды жастайынан еңбекке баулу үшін өзіміздің бау-бақшаларымыз бар. Шәкірттер өз қолдарымен көкөніс, гүл   егіп, күтеді. 20-ға тарта спорттық және шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.
Биыл жаңа спорт алаңын салдық. Балаларға бос уақыттарын барынша тиімді өткізудің бар жағдайларын жасап қойдық.

Елбасы еңбек түбі зейнет дейді. Еңбегі аздың өнбегі аз. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында барша халықты осы игі жолмен жүруге үндейді. Бүгінде білікті мамандардың үлесі 40 пайызға жетіпті. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 8,4 миллион. Табыс көзі бар халықтың 3/1 өзін өзі еңбекпен қамтығандар. Болашақ қаржыгер Гәкку Тыныбекова – өңіріміздің белсенді жасы. 2 курс студенті “Жас Отан” ЖҚ белсенді мүшесі атанып, қоғамдық, саяси шараларға бүгіннен араласып жүр. Жігерлі жас еңбекке үндеген Елбасының мақаласын қолдаймын  дейді.

Жеңіс Ермұқанов