ТЖ

Өрт сөндірушілер кезектен тыс аттестацияға дайындалуда

 

 

Өрт сөндірушілер арасында бұл тартысты дода емес. Тек кезектен тыс атестациялауға дайындық. Бүгін «Жастар» стадионында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қашықтыққа жүгірді. Жас ерекшеліктеріне қарай олар берілген тапсырмадан мүдірместен өтуге талпынды. Кезектен тыс әзірлікке қалалық 5 өрт сөндіру және 1 техникалық қызмет көрсету бөлімдері қатысып жатыр. 60,100, 2400 метр – бұл бүгінгі өрт сөндірушілердің бағындыратын қашықтықтары. Мәселен 100 метрде мәре сызығына 14 секунда жетсе,   кезектен тыс өтетін аттестацияға дайын деген сөз. Бұл тек бастамасы ғана. Алда олар психологиялық тест сұрақтарына жауап береді. Әр төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімдерінен 6 қызметкер қатысуы тиіс. Бұл осында еңбек ететіндердің міндеті. Бүгін барлығы 7 команда. Әр құрамада бір нәзік жан  болуы тиіс. Ақылбай Гәккуовтың мұндай дайындыққа қатысуы алғаш рет емес. 10 жылдық еңбек өтілі бар ол мұндай жаттығулардың өз жұмысымызда тигізер пайдасы көп дейді. Құтқарушылар бірінші 100 метрлік қашықтықты бағындырды. №1 бөлімнің өрт сөндірушісі Алтынбек Абдрахманов 13,41 секунд  көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесті. Төтенше жағдайлар қызметкерлері арасында кезектен тыс дайындық жыл сайын өткізіледі. Бұл жолы оған қалалық 42 өрт сөндіруші қатысты.

Гүлбану Ахметова