Қоғам

Облыс соттары жартыжылдықты қорытындылады

 

 

 

Өткен 6 айда өңір соттарында 21 800 іс қаралыпты. Жауапқа тартылғандардың 4/1 әкімшілік жаза қолданылды.1359 азаматқа қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша 458 тұлға айыпты деп танылып, темір тордың ар жағына тоғытылды.

Нұрғазы Әбдіқанов, СҚО сотының төрағасы:
– Уақытша қоғамнан оқшауланып бостандығына шек қойылған 25 адам толықтай ақталды. 868 адамға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. 8 азамат мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. 43 тұлғаға шығарылған сот үкімі өзгертілді. Оның 15-і  Қылмыстық кодекс құрамының өзгеруімен байланысты.  

200-ге тарта азаматтық дау екі жақтың ымыраға келуіне орай тоқтатылыпты. Еліміздің құқық қорғау саласы заман ағымына сай қоғамды одан әрі ізгілендіру мақсатында бірқатар реформаларды бастан өткерді. Қылмыстық және азаматтық кодекске 1 шілдеден бірқатар толықтыру мен өзгеріс енгізілді. Соңғы түзетуге дейін 1-ші санаттағы соттардың шығарған шешімдерін апелляциялық сот қайта жіберіп отырған еді. Осының кесірінен бір іс екі жақтың арасында ұзақ жүріп қалатын.  

Жанат Әбдірахманов, СҚО сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық алқасының төрағасы:
Қазір ол мүмкіндік шектеліп мүлдем алынып тасталды деп айтуға болады. Егер бірінші инстанцияның шешімі заңсыз деп табылса апелляциялық сотпен, онда апелляциялық инстанция өзі шешім шығарады.  

Енді бір жаңашылдық бұдан былай арызданушы мен жауапты тұлғалар электрондық пошта немесе ұялы байланыстың СМС хаты арқылы әділет үйі мамандарының хабарын алып тұрады.

Жеңіс Ермұқанов