Қоғам

Мәжіліс депутаттары Жамбыл ауданында жерге қатысты шектен шыққан мәселеге тап болды

 

 

 

Жамбыл ауданының 300 шақырымнан астам жері қазылып тасталған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша,  магистральді құбырларды сату мақсатында белгісіз адамдар еншілеп жатыр. Олардың әрекеттерін заңсыз деп айту аз, дейді жамбылдықтар, бұл нағыз бейбастақтық әрекет. Бұдан тиіп жатқан зиян олардың көздеп отырған пайдаларына  тұрмайды. Шұңқырларда малдар қырылып жатыр. Тіпті екі баланың өлімі де болған. Депутаттарға шағымдануға жиналғандар аз болмады.  Жамбыл ауданы бойынша мұндай қазылған жерлер аз емес. Күркелер құрылған, бригадалардың жұмыстары қызу жүруде. Алайда, бригадирдің кім екендігін және бәріне кім басшылық жасап жатқандығын ешкім айта алмады. Мәжілісмендерді, өзін қарапайым жұмысшымын деп таныстырған ІІМ формасын киген азамат қарсы алды. Камераны көрген ол киімін шешуге асықты. Тұрғындардың сансыз шағымдарына қарамастан, жұмыс тоқтар емес. Преснов селолық округінің әкімі не істерін білмей дал. Қазу жұмыстары 2-ші маусымда басталған дейді. Алғашқы шағым да дәл сол күні түскен. Өтінішті мүмкін болған жерлердің бәріне жазған. Алайда  учаскелік полицейлер келгенімен еш шара қолданылмаған. Әрі қарай не болғанын Бақыт Қабиұлы өзі айтып берді.

 Бақыт Зейнолов, Преснов селолық округінің әкімі:

-Маған үш адам келіп, неге аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына шағымдандың, осы бойынша жазбаша түрде түсініктеме бер деді. Менің әрекетім заңға қайшы келмейді, неге ол үшін жауап беру керекпін.

Ал Қазан селолық округінде траншеялар алқаптарды бұзып тастаған. Бұл жердің топырағын қалыпқа келтіру үшін көп тер төгу керек.

 Сергей Симонов, «Шатило и К» ЖШС бас агрономы:  

Бұл жерді қазып, егін егуді жоспарлаған болатынбыз. Енді көріп тұрғандарыңыздай барлық аумақ жарамсыз болып қалды. Мұнда енді ешнәрсе істей алмаймыз.

Қазушыларға селолық округтер тұрмақ, аудан әкімі де қарсы келе алмайды. Парламент Мәжілісінің депутаттары оқиға орнына Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын шақыртты. Күте-күте шаршаған мәжілісмендер бастыққа өздері барды. Дегенмен, тек орынбасарын ғана тапты. Депутаттарды көре сала ол бастығына хабарласатынын және міндетті түрде келетіндігін айта сала, ізін суытты. Аудан прокурорында депутаттар мемлекеттік қызметкердің бұл ісіне айтар сөз таппады.

  Роман Ким, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз көрген жағдай нағыз басынушылық. Бір жерде тұрып, өз ауылдастары арасында осындай іс жасау сұмдық.
 

Парламент Мәжілісі депутаттары бұл іс жабулы қалмайтындығын айтты.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Біздің жұмыс сапарымыз жай өткен жоқ. Мәжіліс депутаттары ауылдық жерде орын алған  мәселемен танысты. Бүгінгі таңда бұл жерде құбырлар ұрланып, ауданның біраз бөлігі қазылып тасталған. Тұрғындар бұл мәселені босқа көтерген жоқ деп олаймын. Егер  бұған шектеу қойылмаса, экология және табиғатты пайдалану айналасында үлкен түйткілдер туындайды. Сондықтан да, бұл мәселеге тұрғындарды да, ҚР Үкіметін де тарту керек.