Қоғам

Мәжіліс депутаттары облыстық Ассамблея белсенділерімен кездесті

 

 

 Қазақстандықтарды жұмыспен қамту, аймақтарды көркейту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Елбасы өз жолдауында осыған ерекше басымдық берген болатын. ҚР Парламентінің төменгі палатасында Қазақстан халқы ассамблеясының атынан 9 депутат мандатқа ие болған еді. Олардың әрқайсысы белгілікті бір салаға жауапты. Жиында халық қалаулылары жолдау жүктеген міндеттерді орындау бойынша атқарған істері жөнінде есеп берді.


Юрий Тимощенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз «Нұр Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік партиясы және өзге де партиялармен тығыз байланыстамыз. Барша депутаттар өндіріс және әлеуметтік саланы дамытуға 172 млрд теңге қаражат бағыттау үшін дауыс берді. Бұл біздің бірінші сессиямыздың алғашқы жетістіктері деп ойлаймын.

Сондай-ақ жолдауда ішкі саяси тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл бағыттан ең алдымен Қазақстан халқы ассамблеясы шет қалмауы тиіс дейді депутаттар . Жиында азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселесі де сөз болды.

Роман Ким, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Біз СҚО-да бірқатар кездесулер өткіздік. Өңірде Елбасының жолдауында жүктеген міндеттерді орындау бойынша ауқымды істер атқарылып жатқанына куә болдық. Сондай-ақ тұрғындарды «Халықтық IPO» бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстырмақпыз. Ассамблея алғашқылардың бірі болып «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен меморандумға қол қойған болатын.  

Депутаттар аудан тұрғындарымен кездесуді де жоспарлап отыр. Халық қалаулылары ең алдымен Тайынша ауданына ат басын бұрмақ.

Инеш Шоқақова