Кеден

Кәсіпкерлерге халықаралық саудадағы кеден жеңілдіктері

Кеден қызметін пайдаланушыларға “Уәкілетті экономикалық оператор” көмегіне жүгінуге тура келеді. Мұндай мәртебе біздің өңірімізде әлі енгізілмеген. Оның басты артықшылығы – уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейтіндігінде дейді кедендік бақылау департаментінің мамандары.

Айгүл Кәрімова, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің аға маманы:
– Уәкілетті экономикалық оператор – бұл тәжірибеде арнайы оңайлатылған процедруларды бағалауға мүмкіндік беретін тұлғалардың белгіленген санаты.Арнайы оңайлатылған іс-әрекетті пайдалану кедендік операцияларды жасауға қаржы және уақыт шығынын азайтуға және логистикалық тізбесін тиімді етуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлердің айтуына қарағанда, бұл мәртебе ішкі экономикалық әрекеттерді жеңілдетпек. Әрі оған ие болған тұлғаларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

 Айгүл Кәрімова, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің аға маманы:
– Бұл мәртебеге ие болу сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көптеген жеңілдіктер   беретін болады. Оның ішінде  кедендік декларацияны тапсырғанға дейін тауарды шығару, оны уақытша сақтау құқығы, тауарды шығаруға байланысты операциялары өз аймағында жасауға мүмкіндік береді.

«Уәкілетті экономикалық оператор» мәртебесі қызметі туралы куәлік ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті арқылы беріледі. Бүгінде Қазақстанда осындай мәртебе 18 ірі және орташа кәсіпкерлік субъектілерінде бар. Олардың негізгі бөлігі еліміздің оңтүстігінде қызмет атқаратын көрінеді.

Әспет Әбдірешова