Балалар

Балалар ұйымдары белсенділерінің жиыны

 

 

Мұндай слет облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған қалалық мектептердің 5-11 сынып оқушылары шақырылды. Бұл шара бір күнге ғана жоспарланған, бағдарламасы ауқымды. Әзірге жеткіншектер “Достық” пен “Ақ қайың” балалар сауықтыру лагерінде шеберлік сыныбы, семинар, пікірсайыс және спорттық шараларға  қатысып жатыр.

Зәмзәгүл Қарманова, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
– Бүгінгі слетқа қатысатын оқушылар – жасөспірімдер, «Жас ұлан»  балалар ұйымдарының мүшелері. Жалпы бүгінгі өткізіп жатқан слеттің мақсаты балалардың жазғы демалыстарын тиімді өткізу.

Жоғары сынып оқушылары семинар-тренингте бірі-бірімен пікір алмасты. Мәселен, адамда психологиялық тұрғыда неше түрлі қысым  болса, қиын жағдайдан  шығудың амалдары қарастырылуда. Қалалық классикалық гимназияның 10 сынып оқушысы Диляра Букирова бүгінгі слетқа өзінің достарын да ерте келіпті.

 Диляра Букирова, қалалық классикалық гимназияның 10 сынып оқушысы:
– Біз жақсы қасиеттерімізді басқа адамдарға көрсетеміз. Бүгінгі тренинг біз жастарға өте пайдалы.

Ал 5 – 8 сынып оқушылары бұл уақытта ойын алаңында спорттық жаттығулар орындап жатыр. Оны “За жизнь” қоғамдық қоры өткізуде. Шат-шадыман болған балалар алған әсерлерімен де бөлісті.

– Бүгінгі тренингтен көптеген мәлімет алдық. Жазғы демалысымызда осы жерге келгеніме өте қуаныштымын. Көп таныс табасың.
– Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Бүгін бізге үйреткен жаттығуларды  кейін үйге келіп қайталауымызға да болады. Мұның бәрі жастардың жаман жолға түспеуіне бағытталған деп ойлаймын.

Бұл шараға “Жас ұлан” отрядының мүшелері де өз үлесін қосып отыр.

 Рустем Есенбергенов, Республикалық балалар мен жасөспірімдер “Жас Ұлан” ұйымының СҚО бойынша жетекшісі:
– Жалпы біздің іс-шарамызға 20-дан астам мемлекеттік ұйымдар атсалысып жатыр. Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шараның балаларға тигізер пайдасы мол деп ойлаймын.  

Аталмыш слетті жыл сайын дәстүрлі түрде өткіземіз дейді ұйымдастырушылар.

Гүлбану Ахметова