Балалар

Аулалық клубтар арасындағы жарыс

 

 

Жазғы демалыс әрқашан көңілді сәттерге толы. Қаланың балалар мен жасөспірімдерге арналған клубтарына қатысатын балалар бүгін боди-арт конкурсында бас қосты. Олар бір-бірінің денесіне сурет салып өз мүмкіндіктерін байқап көрді.

 Ольга Торопова, «Арман» балалар мен жасөспірімдер клубының ұйымдастырушы-педагогы:
– Жазда балалар клубы қаланың барлық аудандарында жұмыс істейді.Бүгін мұнда 5 клуб жиналып отыр. Шамамен алғанда 70 оқушы. Олардың біразы боди-артпен айналысса, біразы футбол ойнап жүр.  

2 сыныпты аяқтаған Мейрам Айтмағанбетов «Надежда» клубына наурыз айынан бері қатысады екен. Онда ол уақытын өте қызықты етіп өткізетінін айтады.

 Мейрам Айтмағанбетов, «Надежда» балалар мен жасөсіпірмдер клубының тәрбиеленушісі:
– Онда мен футбол, тоғызқұмалақ, теннис ойнаймын. Жазда мен көп ойнаймын.

 
Бүгінгі кездесуге барлығы 5 балалар мен жасөпірімдер клубы қатысты. Сонымен қатар мұнда жеткіншектер арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.

 Азамат Шериазданов, №42 орта мектептің оқушысы:
– Бүгін біздің «Надежда» клубы «Арманмен» ойнадық. Футболға бес жыл қатысамын. Футбол
дегеніміз өте жақсы, өйткені денені шынықтырады. Біз командамызбен жақсы ойнаймыз.

Балалар алдағы уақытта да осындай шаралар жиі болып тұрса дейді.

Әспет Әбдірешова