Спорт

Әлемдік спорт жарысына 6 жерлесіміз қатысады

 

 

Биыл Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына елімізден 100 спортшы қатысады. Олардың алтауы СҚО-нан. Әзірге спортшылардың барлығы шеберліктерін шыңдап, жаттығу алаңдарында дайындалып жатыр екен. Өкінішке қарай халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерімен жүздесу мүмкін болмады.

Сергей Пермин, олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры:
Биылғы олимпиада ойындарына дайындығымыз өте жақсы өтуде. Тартысы додада сенім артып отырған 6 спортшы үмітімізді ақтайды деп ойлаймын. Параолимпиадалық ойындарға да бір спортшымыз жолдаманы жеңіп алды. Бұл біз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.

Лондонда өтетін олимпиадаға 16 күн қалды. Евгений және Ирина Эктовтар жеңіл аттлетикадан бақтарын сынамақ. Евгений ұзындыққа секіруден, ал жұбайы Ирина А тобы бойынша берілген қиындықтан мүдірместен өткен. Жолдамаға ие болғандардың қатарында Маргарита (Мацко)Мұқашева  800 метр қашықтықты жүгірмек. Владислав Поляков брасс әдісімен 100 метрге жүзбек, Қазақстан командасының ішінде танымал велошабандоз біздің жерлесіміз Александр Винокуров та бар. Бейжіңде өткен Олимпиадалық ойындарда ұлттық құрама сапында өңірден 3 спортшы ғана өнер көрсеткен екен.

Сергей Пермин, олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры:
– Спортшылар биылғы жарыстың жемісті болатынына сенімді. Олар жаттығуларын үзген емес. Ал жеңіл атлеттеріміз Чехияда. Олимпиадалық ойындарға іріктеу Алматы қаласында өткен болатын.

Сонымен қатар Лондонда параолимпиадалық ойындар да өтеді. Оған жерлесіміз Сергей Харламов жолдама алған.

Гүлбану Ахметова