Альмира Нұрмұқанова – қаладағы медицина колледжін аяқтаған соң бірден “Дипломмен – ауылға” жобасы бойынша еңбек етуге құлшыныс танытыпты. Қазір Қызылжар аудандық орталық емханасының өз ісіне жауапты мамандарының бірі. Альмира дипломы бар, бірақ жұмысы жоқ жастар үшін мұндай бағдарлама керемет қолдау, зор көмек дейді. Өйткені, біріншіден көтерме ақы беріледі және 0, 01 пайызбен баспанаға несие алуға болады.
Альмира Нұрмұқанова, Қызылжар орталық аудандық емханасының мейірбикесі:
– Ауылда істеп жатқаныма қуаныштымын. Өзіме ұнайды. Маған 105 мың теңге көлемінде көтерме ақы берілді. Енді үй алуға несие рәсімдеу үшін құжаттарымды тапсырып қойдым.
“Дипломмен – ауылға” жобасы кадр мәселесін шешуге ықпал ететіні сөзсіз. Қызылжар аудандық орталық емханасына өткен жылы 15 жас маман келіпті.
Татьяна Геринг, Қызылжар орталық аудандық емханасы кадрлар бөлімінің бастығы:
– Өткен жылы жас мамандарға 105 мың 840 теңге көлемінде көтерме ақы беріллі. Енді биылғы әлеуметтік жәрдемақы 113 мың теңгеге өсті. Үй алуға 2 млн 427 мың теңге жеңілдетілген несие түрінде беріледі.
Қызылжар аудандық орталық ауруханасына әзірге 1 маман келіпті, енді 3 дәрігер қажет. Жалпы облыстағы ауылдарға биыл 40 маман келеді деп жоспарланып отыр.
Данаш Хамзина