Көлік және жолдар

Қоғамдық көлік бақылауда



 

 Күйбең тіршілікке толы қоғам  өмірін “Такси” қызметінсіз елестету мүмкін емес. Шақырғанда жылдам келіп, діттеген жеріңе жеткізіп тастайды. Уақытыңды үнемдейді. Бұндай қызметке жүгінбегендер кем де кем.

Әрине жылдам, бірақ бәрі таза деп айта алмаймын. Кейбірі лас
Такси қызметін әрдайым пайдаланамын, жылдам, таза бір кемшілік  –таксометр жоқ. Шын мәнінде қанша төлеу керектігін білмейсің.  

Қолайлы да жайлы қоғамдық көліктерге деген сұраныс зор. Көптің   көңілінен шыға бермейтін біршама кемшіліктер де баршылық. Жақсы табыс көзіне айналған көлік нысандарын иелері тиісінше сайлап күте қоймайды. Тіпті жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерге қойылатын талаптар ескерілмей жатады.

 Андрей Марков, өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бөлім бастығы:
– Такси көлігі жарты шақырымдық қашықтықтан көрініп тұру керек. Төбесінде заңмен бекітілген арнайы шашкасы болуы керек. Бүйірінен ені 30, ұзындығы 100 см ала жолақпен ерекшеленеді. Көлік бір түсті болған жөн. Ішінде жүргізуші жөнінде ақпарат және таксометр орнатылуы тиіс. Біздегі таксилердің көбі бұл талаптарға жауап бермейді.

Ең бастысы техникалық бақылаудан өтіп, қатынауға жарамдығы жөнінде құжат болуы шарт. Жүргізуші рөлге отырмас бұрын медициналық тексерістен өтуі керек. Көп кезігетін мәселелердің бірі жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін қағаздың жоқтығы. Осы олқылықтарды жою мақсатында өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының мамандары қоғамдық көлік иелерінің басын қосты. Жиында аталған кемшіліктер 1 айдың ішінде түзелмесе, кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылатыны қатаң ескертілді.

 Андрей Макаров, Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бөлім бастығы:
– Өткен жылы жолаушылар  тасымалдаушыларға қатысты 95 әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды елемеген қоғамдық көлік иелеріне 1 млн. 114 мың теңгенің айыппұлы тағайындалды. 4 факті бойынша тіпті адамдарды тасымалдауға рұқсат беретін құжаттары болмай шықты. Жалпы өткен жылы 52 кәсіпкерге лицензия берілген болатын.  

Биылғы алдын алу шаралары көрсеткендей бұндай жаза онша сабақ бола қоймаған. Жыл басынан ғана ортақ заңға бағынбаған 42 таксист 469 мың теңге айып төлеуге мәжбүрленген.

Жеңіс Ермұқанов