Қоғам

Көпқабатты үйлердің қасбеті жөнделуде

 

 

 

Қаламыздың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің жөндеу көрмегеніне көп жылдың жүзі болған. Түсі оңған қабырғалар, тозған шатыр қаланың сиқын қашырады. Маусым айынан бастап облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің сыртын сылау, тығындау, ағарту және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Әзірге Жамбыл көшесіндегі  көпқабатты 4 баспана жаңартылыпты.

Сергей Калинин, “Ақ қайыңдар өлкесі” қоғамдық қорының төрағасы:
– Біз қоғамдық қорымызды мамыр айында ашқан едік. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін “Ернар Сервис” ЖШС-мен  келісім шартқа отырдық. Олар маусымның бірінен бастап іске кірісіп кетті. Бүгінгі күні 125 мың шаршы метрлік баспаналарды қалпына келтірлдік.  

Бұл көшенің бойындағы үйлердің қас бетін жөндеуге 60 адам жұмылдырылған. Жоспарланған соманың әзірге 10 млн теңгесі игеріліпті. Әрлеу жұмыстарын “Ернар Сервис” ЖШС жүргізіп жатыр. Жаз аяларына дейін 600 мың шаршы метр көпқабатты үйлерді сырлау жоспарланған.

Атабек Ахметов, “Ернар Сервис” ЖШС бас инжинері, Шымкент қаласы:
Бізге керекжарақтың бәрін қазақстандық “Алина” фирмасы жеткізіп отырады. Құрылыс материалдары сапалы. Қайта қалпына келтірілген үйлердің сырты 10 жылға дейін осы қалпын сақтайды.

Сондай-ақ жаңарту жұмыстары «Қарасай»  стадионының маңайын, Кәрім Сүтішев көшесінің бойындағы үйлер мен Мир көшесін қамтиды. Қаражат облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, ортақ іске үлесін қосқысы келген азаматтардан жиналған.
 
Бұл көшенің өзгергендігі байқалады. Бояуларды да жақсы таңдалған. Көздің жауын алады.
Маған да өте ұнады. Өтіп бара жатқан адамды өзіне тартпай қоймайды. Бұл көшедегі баспаналар жаңа кейіпке енген сияқты.

Құрылысшылар таңғы 8-ден кешкі 7 -ге дейін жұмыс істейді.

Гүлбану Ахметова