Бизнес және экономика

Ағаш өңдеу – тиімді кәсіп

 

 

Кәсіпорынға алдымен  тұтас ағаштар жеткізіледі. Негізінен жергілікті терек пен қайың. Бұдан соң ағаш арнайы құрылғылардың көмегімен өңдеуден өтеді. Табиғи материалды тегістеп кесуге арналған станоктан шыққан  ағаштардан қаптайтын тақтайлар әзірленеді. Ал қандай да бір кемшіл тұстары бар материалдардан көкөніс сақтайтын жәшіктер жасалады. Бұл жұмысты барынша қалдықсыз етпек.Өндірістегі құрылғылардың дені автоматтандырылған. Итальяндық оптимизатор жабдығы да ағаштағы бұтақтарды өздігінен кеседі екен. Жұмысшы дәл сол жерге құрылғыны
орналастырса болғаны. «Универсал Транс Сервис» ЖШС-де  3 бригада жұмыс істейді. Кәсіпорын айына 600 теккше метр ағашты өңдеуге қауқарлы.

  Дмитрий Елизаров, «УТС» ЖШС технологы:
Алдағы уақытта паркеттік желі жасауды қолға алмақпыз. Алайда қазіргі таңда қаптауға арналған жұқа тақтайлар өндірісіне сұраныс зор. Әсіресе, елдің оңтүстік аймағынан тапсырыс берушілер бар. Жасау әдісі де жеңілірек, сондықтан осы бағытта жұмыс қызу жүргізілуде.

Ағаштарды өндіруге арналған камера, қазандық пен түрлі станоктар. Бұл өнімділігі жоғары құрылғыларды «Универсал Транс Сервис» ЖШС «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша несиеге алып отыр.

Альбина Гильманова, “Универсал ТрансСервис” ЖШС директоры:
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1-бағыты бойынша 60 млн теңге көлеміндегі несие алынды. Соның арқасында бюджетке түсетін салық пен шығарылатын өнім көлемін 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағдарлама біз үшін зор мүмкіндік.

Сондай-ақ серіктестік қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.

Инеш Шоқақова