Спорт

Жартылай марафон

 

 

Балғабай Көпжасарұлы – жүгіру десе ішкен асын жерге қоятын марафоншылардың бірі. Желмен жарысқан спортшы жарысқа қатысу үшін Бурабайдан арнайы келген. Осыған дейін де мұндай жүгірістердің бірталайына қатысқан оның басты арманы қазақтан шыққан белгілі марафоншылар жайлы кітап жазу екен.

 Балғабай Көпжасарұлы:
– Дайындық жақсы. Жақында Алматыда болдым. Алматының екі марафонында, Қырғызстанның марафонында, Россияға қатыстым. Сіздерді кешегі Астана күнімен, бүгінгі Қызылжар күнімен құттықтаймын. Денсаулық тілеймін.

Бұл сында ерлер 10-20, ал қыздар 5-10 шақырымды жүгіріп өтулері керек. Елена Мазуренко тиісті межені 30 минут 50 секундта бағындырған. Осылайша екінші орынды иеленді.

 Елена Мазуренко:
– Бүгін тиісті межені өте жеңіл жүгіріп өттік. Өйткені біз үнемі жаттығып отырамыз. Мұнда бірінші не екінші орын алу мақсатымен қатысып отырған жоқпыз. Бастысы – салауатты өмір салтын сақтау.

Марафон – бұл ашық кеңістікте 42 км арақашықтыққа жүгіру. Спортшылар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде қала күні жартылай марафон өткізіліп келеді. Бұл жолғы жарыста барлығы 30 желаяқтың арасынан мықтылар анықталмақ.

 Александр Мицих, ұлттық дәрежедегі төреші:
– Бүгінгі жартылай марафонды өткізу дәстүрге айналған. Биыл осымен алтыншы жыл ұйымдастырып  отырмыз. Меніңше, марафонға қатысушылардың бәрі жақсы нәтиже көрсетеді.

Жартылай марафонға қатысушылардың барлығы мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Әспет Әбдірешова