Қоғам

“Dizzy” компаниясының акциясы

 

“Dizzy” компаниясының кешіне дайындықты командалар бірнеше апта бұрын бастапты. Құрама капитандарына бейнекөрініс түсіріп, костюм дайындап және қатысушыларды жинау керек болды. Ниет білдірушілердің саны көп. Бірақ тұрғындар интернет арқылы дауыс беру арқылы өздерінің көңілдерінен шыққан құраманы таңдап алыпты. Сөйтіп, жиналған жұрттың алдында өнер көрсету тек 3 командаға бұйырды.  “Сарылар” командасы мәдени ойын-сауық орталығының қызметкерлерінен жасақталыпты. Құраманың аты “Б-52”. “Dizzy” сусындарының бірінің атауы екен. Шараға қатысушылардың бәріне 15 минут берілді. Осы уақыт аралығында олар жиналған жұртты өз өнерлерімен тәнті етулері керек болды. “Б-52” командасы осы акцияға тынғылықты дайындалыпты.

 Владислав Сабиров,”Б-52″ командасының капитаны:
– Біздің құрамамыздың бәрі дарынды. Биші, әнші дегендей. Менің жұбайым да осында. Ол дизайнер. Біздің командамызға қажетті суреттердің бәрін салып, киімдеріміз ерекше болуы үшін ол үлкен көмек көрсетті.  

“17:24” командасы әр түрлі мамандық иелерінен жасақталыпты. Олар осы акцияда жеңіске жетуге барын салмақ.

Степан Матросов, “17:24” командасының капитаны:
– Мен командамыздың құрамына кімді алсам екен деп көп ойландым. Бірақ әр жақтан жиналғандықтан оның бәрі музыкант немесе бишілер болмайтынына көзім жетті. Әйтсе де әрбір адам өнерлі болады емес пе. Міне біз соны халыққа көрсетуге тырысамыз.

Аталмыш шара еліміздің барлық аймақтарында өткізілуде. Жеңімпаздарды жиналған жұрт ерекше әдіспен яғни  команданың аттары жазылған үш жәшікке “Dizzy” сусынының бос шөлмегін салу арқылы таңдады.
Сөйтіп, бас жүлде Алматыға баратын жолдаманы ең көп дауыс жинаған “DBS” “қызылдар” командасы жеңіп алды. Енді олар Алматы қаласына барып өнер көрсетпек.

Гүлбану Ахметова