Энергетика

Қоғамдық тыңдау



 

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергия тарату компаниялары түгелдей тариф жасаудың жаңа әдісіне көшпек. Салыстырмалы талдау әдісі әрбір энергия тарату компаниясының тарифтері мен шығындарын есептеуге мүмкіндік береді. Алайда бұл үшін ең алдымен 3 жыл көлеміндегі электр энергиясының шығындарын қабылдау қажет. Қоғамдық тыңдау да сол үшін өткізіліп отыр.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департаментінің директоры:
– 2015 жылға дейін республика бойынша орташа шығын 15 пайыз болу керек. Біз 13 жарымға жеткізіп отырмыз.  Бұл негізі дұрыс. Қай энергия тарату компаниясының тарифі, шығыны қандай болатынын біле аламыз.
Бір-бірімен салыстырамыз.

“Солтүстік Қазақстан энергия тарату компаниясы” АҚ 13,9 мың шақырым электр желілеріне қызмет көрсетеді. Электр энергиясы шығындарын төмендету үшін кәсіпорын кешенді шараларды қолға алып отыр. Он бір жыл ішінде ысырап болған электр энергиясы 15,65 пайызға азайған. Сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде электр энергиясының мөлшерден тыс шығындалуы тіркелмепті.

Виктор Тен,  “Солтүстік Қазақстан энергия тарату компаниясы” АҚ президенті:
2007 жылы бізде нормативтік-техникалық шығындар 17 пайыздан астам болған еді. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 13,59 пайызды құрады. Енді біз нормативтік-техникалық шығын деңгейін 2014 жылы – 13,59, 2015 жылға – 13,50 пайыз көлемінде бекітуді сұрап отырмыз.  

Бұл мәселе бойынша шешім осы айдың соңына дейін қабылданбақ. Қалай дегенмен нормативтік-техникалық шығын деңгейі бекітілгеннен жоғары болмайды деп жоспарланып отыр.

Инеш Шоқақова