“Астана – арман қала” байқауы

Мәдениет

17:25 5 Шілде 2012

Облыстық байқауда топ жарған Сергей Шветовтың жұмысы республикалық кезеңде де үздіктер  қатарына енді. Оқушының «Астана – болашаққа қадам» деп аталған суреті жүлделі 2-орынға ие болып, еңбектің авторы ноутбуктың иесі атанды. Сондай-ақ Сергейдің бұл жұмысы халықаралық байқауға да ұсынылмақ

 Сергей Шветов, №8 эстетикалық тәрбие беретін мектеп-кешен оқушысы:

-Түрлі алып ғимараттарды бейнеледім. Жаңа көліктерді салдым. 2-орынды еншіленгеніме қуаныштымын. Өңірлік кезеңде 1-орын алғаным үшін бейнекамера алған болатынмын. Ал бұл жолы ноутбук бұйырды. Сонымен қатар Астананы аралап, көрікті жерлерімен таныстық. Жас қала маған қатты ұнады. 

Республикалық «Астана – арман қала» байқауында барлық облыстың өнерлілері бағын сынады. Ұсынылған 18 жұмыстың ішінде үздіктері анықталды. Дарынды жеткіншектер суретті көбіне түрлі-түсті сырмен бояп салған екен. Ал біздің жерлесіміз графика стилін таңдап, қара гель қаламмен ойындағысын қағазға түсірген. Осылайша Сергей Шветовтың еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, 2-орынға тұрақтады.

 Олег Гайнуллин, №8 эстетикалық тәрбие беретін мектеп-кешеннің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:
– Біз композициясына баса мән бердік. Яғни заманауи, мүмкіндігі мол қаланың болашағын бейнелеуге тырыстық. Сергей бұл жұмыста ақ, қара
және сұр түстерді пайдаланды.

Осыған дейін де талай халықаралық байқауларда биік белестерді бағындырған жерлесіміз алдағы уақытта да осы беттен таймайтындығын алға тартуда

Айдана Демесінова