Ауа райы

Жас журналистер форумы

 

 

Тақтада әр тілшінің қандай түсірілімге баратындығы жазылған. Жұмыс орнына келген соң болған оқиғаларды журналистер бірден жазуға кіріседі. Келесі іс – дайын мәтінді оқу. Ол үшін де арнайы бөлме бар. Бұл жерде оқушылар да өздерін тілші ретінде сезіне алды.
Сюжеттің мәтіні дайын. Енді оны монтаждап, көрерменге жеткізу қалды. Бұл үшін   мәтін  монтаждаушыларға жіберіледі. Сәтті кадрлар таңдау, интервьюды кесіп, эфирге сюжет әзірлеу үрдісі «Прогресс» баспасөз клубының мүшелері үшін ерекше қызық болды.

Татьяна Севостьянова, «Прогресс» баспасөз клубының мүшесі:
Маған сюжеттерді монтаждаған өте ұнады. Бізге бәрін көрсетіп, түсіндірді. Енді жаңалықтардың қалай жасалатынын білетін боламыз.  

Күн сайын жаңалықтарды экранның ар жағында тамашалайтын көрермендерге дайын өнімді диктор жеткізеді. Тікелей эфирде жұмыс істеу жауапкершілікті талап ететін іс. Мұны оқушылар бүгін түсінді. Сона Абраамянның диктордың сөзін жазу үшін біраз қиналғандығы анық. Нәтижесінде ол өз міндетін орындады.

 Сона Абраамян:
Қайырлы күн. Арнада күндізгі жаңалықтар. Студияда Сона Абраамян.  

Өздерінің экскурсия мен түрлі шеберлік сыныптарынан алған әсерлерімен жас журналистер конференция барысында бөлісті. Сондай-ақ бұл жерде Астана күніне арналған туындылар ішінде үздік атанған 5 автор белгілі болды. Абылайхан Кенжетай «Елорда туралы ең үздік очерк» аталымында марапатқа ие болды.

 Абылайхан Кенжетай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенті:
– Мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқимын.
Түрлі тақырыптарда қалам тербегенді ұнатамын.  

Шараға қатысушылардың біреуі де үйіне құр қол қайтпады. Жас журналистер мұндай кездесулер жиі ұйымдастырылса дейді.

Инеш Шоқақова