Спорт

«Қызылжардың» кезекті ойыны сәтсіз аяқталды

 



 

«Қарасай» стадионында жерлестеріміз Талғардың «Ақбұлағын» қабылдады. Турнир кестесі бойынша қонақтар 12-ші орында болса, жерлестеріміз олардан үш сатыға жоғары тұр. Десе де қонақтар саспады. Бірден өткір шабуылға басты. Жерлестеріміз бірінші бөлімде қарсыласқа тегеурінді қарсылық көрсетуге әрекет еткен еді. Шеберліктері шикі ме, әлде сәттілік қашты ма, әйтеуір, талпыныстары зая кетіп отырды. Тас қамалдай қонақтардың қорғаныс шебі өз орнында. Тізгінді өз қолдарына алған талғарлықтарды жерлестерміз футбол ойынының ережесін өрескел бұзып тоқтатуға мәжбүр болды. Есесіне 11 метрлік айып добы тағайындалды. Сөйтіп, қақпа кілтін «Ақбұлақтың» жартылай қорғаушысы Өсиет Бұлашев ашты. Бұған да петропавлдықтар серпілмеді. Есеп айырысудың жолын таба алмады. Ойынның 60-шы минутында талғарлық Азамат Жақсыбаев жерлестеріміздің қақпасына тағыс бір гол  соғып, командасына сенімді жеңіс сыйлады. Сөйтіп, алаң иелері кезекті үш ұпайды уыстарынан жіберіп алды.

Әсел Күшеналиева