Балалар

Бір топ жасөспірімдер Астананы тамашалап қайтады



 

Айсара Шалабаева – қазақ мектеп-гимназиясының үздік оқушыларының бірі. Ол елордасы – Астана қаласына алғаш бармақшы. Ең әсем қалалардың бірі деп әлем халқы мойындаған бас қаланы өз көзімен көретініне қуанышты.

Айсара Шалабаева, қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:

– Астана қаласының 14 жылдығында және өзім де 14 жаста болған кезімде жібергеніне қуаныштымын. Астанаға барғанда “Хан шатыры”, “Бәйтерек”, “Океанариумға” және әдемі жерлерге барғым келеді.  

Еуразия кіндігінде орналасқан Астананы тамашалауға елордамен түйдей құрдас 15 солтүстікқазақстандық жолдама алды. Бұл – жыл бойытәртібі үлгілі, оқу озаттары  және әлеуметтік аз қазмтылған отбасының балалары. Сонымен қатар  оқушылар жуырда ғана «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойызбен  барады.  

Ақжүніс Мұсырман, қалалық білім беру бөлімінің бастығы:

– Осы іс шараны бізге іске асыруға көмек көрсеткен адамдар бар. Олар – “СпектрСтройСевер”» ЖШС, басшысы Галина Нагорная, “ДСК Жилмассив” ЖШС, басшысы Ринат Шарафутдинов және “Заңғар LTD” ЖШС, басшысы Серік Макенов. Міне, осы кісілер жағдай жасады.

3 күндік сапарға балаларын аттандырып тұрған ата-аналардың бойында бір жағынан қуаныш сезімі болса, екніші жағынан қобалжу да бар дейді.

Еліміз Астана күнін атап өткелі жатыр. Соған біздің де қызымыз жол түсіп бара жатыр. Соған қуаныштымыз.
Балам алғаш  рет бара жатыр. Әрине қобалжу бар. Мұндай мүмкіндік әрбір балаға беріле бермейді. Балаларымыз жаңа әсермен келеді деген үміттеміз.

Жаңа сезім, көтеріңкі көңіл-күймен Астананың құрдастары  6-шілде күні қайта оралады.

Әсел Күшенғалиева