Мәдениет

Ұлттық қолөнерге қолдау көрсетуде

 

 

«Ассамблея» корпоративтік қоры облыс әкімінің бастамасымен осыдан 3 жыл бұрын құрылған болатын. Осы уақыт аралығында тындырылған іс аз емес дейді қор өкілдері. Солтүстікқазақстандық шеберлер үшін өз бұйымдарын көрсетумен қатар сату да маңызды. Облыс орталығында аталмыш қор ұйымдастыратын көрмелер мен жәрмеңкелер осындай мүмкіндік туғызып отыр. Ендігі кезек аудандарда.

 Наталья Хан,  «Ауылдағы этно-мәдени бірлестіктерді дамытудың кешенді шаралары” жобасының жетекшісі:
– Біз қолөнермен айналысуға қызығушылық танытатын адамдарды тауып, осындай жиындар өткіземіз. Шеберлерді өңіріміздің түкпір-түкпірінен іздейміз. Осындай шаралардың көмегімен көптеген мәселелерді талқылап, жоспарлар құрмақпыз.  

Мамлют ауданында ұлттық шығармашылықты жанға серік еткен 120 қолөнерші бар екен. Олардың қызығушылықтарын табыс көзіне айналдыру әбден мүмкін. Петропавлдық фьюзинг-суретші Анна Зирюкина мұны дәлелдеп отыр. Оның шыныдан жасалған бұйымдары сұранысқа ие, азын-аулақ қаражат табуға да септеседі. Фьюзинг – шыныны еріту арқылы сан түрлі бұйымдар мен әшекейлер жасау өнері.

Анна Зирюкина, фюзинг-суретші:
Мен фьюзинг туралы кездейсоқ білдім. Онымен айналысып, табыс табамын деген ойымда да болған жоқ. Ал қазір бұл менің басты табыс көзім десем де болады.  

“Ассамблея” қорының өкілдері қолөнер орталығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл қолөнершілердің кәсіби шеберлігін арттырып, өңірде ұлттық өнерді дамытуға жол ашпақ.

Инеш Шоқақова