Шілдедегі ауа райы

Әр түрлі

14:53 3 Шілде 2012

Бұл айды дана халқымыз «қырық күн шілде» деп атаған екен. Аптап ыстық 40 күнге созылған. Бірақ ұлу жылының шілдесі бас айналдыратын ыстығымен емес, ерке самалымен есте қалады дейді ауа райын болжаушылар. Шілде айында ауаның орташа айлық температурасы 19-21 градус дейді мамандар. Бірінші онкүндікте сынап бағанасы күндіз 22-27 градус нөлден жоғары болады.

Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорология орталығының ауа райын болжау бөлімінің бастығы:
– Үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 8-13 градус, кей жерлерде 3-тен 13-18, кей жерлерде 8 жылыға, күндіз 23-28, кей жерлерде 18-ден 28-33, кей жерлерде 23 жылыға дейін ауытқиды.

Шілде жауын-шашынды болады.

Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорология орталығының ауа райын болжау бөлімінің бастығы:
-Бірінші онкүндіктің басында және екінші онкүндікте, үшінші онкүндіктің ортасында және соңында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады.

Осы айдың аяғына дейін жиі-жиі жел тұрады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді дейді синоптиктер. Шілдедегі  ең ыстық күн 1940 жылы болған екен. Онда айдың 15 күні ауаның температурасы   40,5 градусқа дейін көтерілген.

 Гүлбану Ахметова