Мәдениет

Астана – ән арқауы


 

Алғаш рет «Астана» әні Елорданың 10 жылдық мерейтойында орындалыпты. Әнін жазған және орындаушысы жерлесіміз, «Шансон маэстрі» Александр Зайберт.

 Александр Зайберт,  әнші, сазгер:

-Ән патриоттық мазмұнда жазылған. Сондықтан бұл туындыны алғаш рет Астана төрінде орындаған кезде кең байтақ, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқаныма қуандым.

Ал өлеңнің авторы – солтүстікқазақстандық Василий Колин. Автор шығарманы 2005 жылы жазыпты. Кейін өлең «Нива», «Простор» басылымдарында жарық көрген екен. Төрткүл дүниені аспанмен таласқан әсем сәулетімен  аузына қаратқан бас қаламыз Василий Колиннің осы өлеңді жазуына себеп болған.

Василий Колин, ақын, журналист:

-Астана – біздің ғаламшардағы ең әсем қалалардың бірі. бой көтерген зәулім ғимараттар, қаланы айнала қоршаған флора – осының барлығы шабытымды оятты. Сонымен қатар, Қазақстан – көпұлтты ел. Ал елордамыз соның символы іспеттес.

Сазгер мен ақынның бірлескен жұмысы 2007 жылдан басталған. Осы уақыт аралығында олар бірге 7 музыкалық шығарманы жарыққа шығарыпты. Алдағы уақытта «Астана» әнін қазақ тіліне аударып, бейнеклип түсіру жоспарда бар.

Әсел Күшенғалиева