Спорт

Спорт ардагерлерінің спартакиадасы

 

Спорт ардагерлерінің арасындағы спартакиада 4 жылда бір рет өткізіліп тұрады. Бұл жолғы кездесуде спортшылар жеңіл атлетика, стритбол, волейбол, шағын-футбол, шахмат, тоғыз құмалақ бойынша сынға түсті. Шал ақын ауданынан келген 62 жасар Сейілхан Шаяхметов шахматтан өткен жарыста екінші орынға ие болыпты. Ал бүгін ол бағын арм-реслингте байқап көрмек.

 Сейілхан Шаяхметов, Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Шал ақын ауданы:
– Іріктеу жарысына қол күресінен қатысып отырмыз. Қол күресі әр адамның қолынан келе бермейді. Онда қол күші болу керек. Жақсы нәтижеге жетіп жатырмыз.

Күш атасын танымайды. Ардагер спортшылар бұлшық еттерін жаттықтырып, қол күштерін де сынап көрді. Жалпы жарысқа деген дайындықтары да жаман емес. Спорт додасына құрамы ең көп жасақталып келгендердің бірі – Шал ақын ауданының командасы.

Александр Новичков, облыстық дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасының бөлім бастығы:
– Жарысқа қатысушылардың жасы, әйелдер – 35 және одан жоғары, ерлер 40 және одан жоғары. Осы апта бойы жеңіл атлетика, стритбол, волейбол, шағын-футбол сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді. Бүгінгі жарыс арм-реслингтен өтпек.

Іріктеу сынынан өткендер 12-15 шілде аралығында Шал ақын ауданының орталығы Сергеевкада өтетін «Ақ бидай» жарысына аттанбақ.

Әспет Әбдірешова